ОСК: Сегіз партия да құжаттарын тапсырды
Парламент сайлауына қатысатын 8 партияның барлығы Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды. Бүгін сағат 18:00-де депутаттыққа үміткерлерді ұсыну аяқталды. Енді саяси ұйымдар үгіт-насихат жұмысына дайындығын бастайды. Оған дейін әлі он күн бар.
Автор: Айғаным Достанбай
08.02.2023
Осыған дейін бес саяси ұйым үміткерлер тізімін бекітіп үлгерген. Ал бүгін Орталық сайлау комиссиясы ең соңғы қалған екі партияның құжатын қабылдап алды. Жаңа тіркелген Respublica партиясының құжатын комиссия мүшелері еш ескертусіз тіркеді. Су жаңа партия атынан 25 кандидат Мәжіліске және төрт үміткер бір мандаттық сайлау жүйесімен бақ сынайын деп отыр. Тізімдегілердің орташа жасы – 35. «Республика» партиясынан кейін Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын құшақтап, күні кеше дүркіретіп құрылтайын өткізген Amanat партиясы келді.
Елнұр Бейсенбаев, Amanat партиясының атқарушы хатшысы:
- Кеше съезге 2000-нан астам азамат қатысты. Бүкіл еліміз бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттарға 3821 кандидат тізімін, сондай-ақ мәжіліске 119 азаматты ұсындық. Оның ішінде Орталық сайлау комиссиясына 90 азаматты партиялық тізіммен ұсынып отырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!