{metadescription}
Наурыздағы сайлаудың әділ өтуін ЕҚЫҰ қадағалайды
Наурыздағы сайлаудың әділ өтуін ЕҚЫҰ қадағалайды

Наурыздағы сайлаудың әділ өтуін ЕҚЫҰ қадағалайды

Наурыздағы сайлаудың әділ өтуін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы да қадағалауға келе жатыр. Ұйымға қарасты Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро бүгіннен бастап миссиясына кірісті.

300-ден астам бақылаушы үгіт-насихат жүргізу, оның ішінде әлеуметтік желілер мен барлық деңгейдегі сайлау учаскелерінің жұмысын назарға алады. Сайлауға қатысты заңның орындалуы сынды талаптар да мұқият қадағаланады. Ұйым өкілдері: «Күллі сайлау процесін бағалайтын және ұсыныстар жасайтын қорытынды есеп саяси дода өткеннен кейін бірнеше айдан соң жарияланады» - дейді. Сайлау күні Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының миссиясы өзінің парламенттік ассамблея делегациясымен бірге сайлау бюллетеньдерін санауды және нәтижесін шығаруды бақылайды.

Оуэн Мёрфи, ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюро өкілі:

- Миссия құрамы Астанадағы 11 халықаралық сарапшы және бір аптадан кейін келетін 32 ұзақ мерзімді бақылаушы тобынан тұрады. Миссия 17 ақпаннан бастап бүкіл аймаққа жіберіледі. Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюро сонымен қатар сайлау басталардан бірнеше күн бұрын келетін 300 қысқа мерзімді бақылаушыны сұрауды жоспарлап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде