{metadescription}
Алға қаласы мен жеті ауыл жарықсыз қалды – Ақтөбе облысы
Алға қаласы мен жеті ауыл жарықсыз қалды – Ақтөбе облысы

Алға қаласы мен жеті ауыл жарықсыз қалды – Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысындағы Алға қаласы мен жеті ауыл жарықсыз қалды. Аудандағы электр орталығы өртеніп, бір трансформатор толық істен шықты. Жарыққа жауапты мамандар станцияны ыстан тазартып, сақтық қорында тұрған қос қондырғыны іске қосып жатыр.

Әнуарбек Алмағанбетов, «Энергосистема» ЖШС бас инженері:

Ақтөбеден бүкіл бригада келіп, өрт сөндіру қызметін шақырды. Жұмыс түске дейін жүргізілді. Қазір қорда үш трансформатор – 3Т, 4Т. Үш пен екісі істен шықты. Үш пен төртіншісі сақтық қорында. Соны іске қосып жатыр.

От электр бекетіндегі трасформатордан тұтатыныпты. Оны дереу сөндіргенімен, Алға ауданын жарықпен қамтып отырған қондырғылар істен шыққан. Соның кесірінен 7 мыңға жуық нысан жарықсыз қалды. Оның ішінде 100-ге жуық көпқабатты үй бар. Аудан орталығындағы осы көпқабатты үйлерде электрден бөлек, су да болмай қалды. Себебі: су тартатын насостар электр қуатымен жұмыс істейді. Жарықтың жоқтығынан балабақшалар да жабылды. Мектептерде үшінші сабақтан соң оқушылар үйіне қайтарылған. Қазір электр желілерін кезекпен қосуда.

Нұрбол Ержанов, Алға ауданының әкімі:

- Балабақшаны таратуды жөн деп шештік. Себебі, бүлдіршіндерге түскі асы бар. Су болмай қалу себебі, су қорын беретін бар жүйе электр желісіне байланысты болып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде