{metadescription}
Қаржымен Францияға қашқандар енді сол елде жауапқа тартылады
Қаржымен Францияға қашқандар енді сол елде жауапқа тартылады

Қаржымен Францияға қашқандар енді сол елде жауапқа тартылады

Тергеуден қашып құтылмайды. Заңды белден басып, қыруар қаражатты жымқырып Францияға қашқандар енді сол елде жауапқа тартылады. Бүгін парламент осыған қатысты заң жобасын мақұлдады.

Құжат: сұрау салу, тінту, сараптама жүргізу, жауап алу, банктегі есепшоттарды анықтауға жол ашады. Мысалы, Францияда тінту жүргізу қажет болғанда біздің құқық қорғау органдары өтініш жібереді. Францияның тергеу органы өзінің заңы негізінде тінту жүргізіп, соның нәтижесін Қазақстанға хабарлайды. Дәл осындай тәртіпте Франциядан келіп түскен өтінімді еліміздегі тергеу органдары орындайды.

Әсет Шындалиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

- Шарт күшіне енген соң тараптар бір-біріне жолдаған құқықтық көмек туралы сұрауларды орындауға міндетті болады. Орындаудан бас тартса, онда жазбаша түрде негізделген жауап беруге тиіс. Сонымен қатар істі тергеуге байланысты бір елден екінші елге шақырылған куәлар сарапшыларға қылмыстық қудалаудан иммунитет береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде