{metadescription}
Сайлауға барлық өңірден 14 мың кандидат тіркеліпті
Сайлауға барлық өңірден 14 мың кандидат тіркеліпті

Сайлауға барлық өңірден 14 мың кандидат тіркеліпті

Елдің 14 мың азаматы депутат болуға ниетті. Бүгін орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында кандидаттар тізімі түгенделді. Сонымен 19 наурызда өтетін Мәжіліс пен мәслихат сайлауына барлық өңірден жалпы саны 14 мың кандидат тіркеліпті.

Оның ішінде сайлауға қатысатын жеті саяси ұйым партиялық тізіммен 283 үміткерін ұсынған. Нақтырақ айтқанда, Мәжіліс депуттағына «Аманат» партиясының атынан – 90, «Ақжолдан» – 54, Қазақстанның халық партиясынан – 52, «Ауыл» мен «Республика»партияларынан – 25, Жалпыұлттық социал демократтардан – 19 және «Байтақ» партиясынан 18 кандидат тіркелген. Бұл азаматтар төменгі палатадағы 69 мандат үшін сайлауға түседі.

Ал Мәжілістегі қалған орын мажоритарлы жүйемен бағын сынайтын үміткерлерге тиеді. Бір мандаттық округ бойынша сайлауға қатысатын кандидат саны 609 азамат. Қалған 13 мыңдай азамат жергілікті мәслихатқа баруға үмітті. Ал саяси науқанның әділ өтуін қадағалайтын халықаралық бақылаушылардың тағы бір қатарын ОСК бүгін ресми түрде тіркеді.

Мұхтар Ерман, ОСК хатшысы:

- 2023 жылғы 9 ақпандағы жағдай бойынша комиссияға сыртқы істер министрлігінен екі шет мемлекеттен, бір халықаралық ұйымнан 37 байқаушыны тіркеуден өткізуді ұсынған. Атап айтқанда, ҚХР екі кандидатура, және Нидерланд корольдігінен үш кандидатура. Сонымен қатар Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды байқау жөніндегі миссиясынан 32 байқаушы ұсынылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде