{metadescription}
Бағаны ұстап тұру үшін көкөністі тұрақтандыру қорынан алдыртып жатыр
Бағаны ұстап тұру үшін көкөністі тұрақтандыру қорынан алдыртып жатыр

Бағаны ұстап тұру үшін көкөністі тұрақтандыру қорынан алдыртып жатыр

Тұрақтандыру қорындағы көкөніс дүкен сөрелеріне түседі. Үкімет бағаны ұстап тұру үшін осындай амалға барды. Бүгін сауда және интеграция министрі барлық өңірдегі әкімдерге көкөніс қорын дереу брондауды тапсырды. Алайда тұрақтандыру қорларында ауыз толтырып айтатын қор бар ма?

Төлеутай Рахымбеков, сарапшы:

- Тура сол қорларда, пияз, сәбіз, картоп, қырыққабат бар ма, жоқ па? Егер осы күнге дейін өндірілген көкөністің көлемі статистика бойынша 56 миллион тонна десе. Ал дәл нақты айтатын болса, одан он есе төмен болса, 500-600 мың тонна. Ол туралы өтірік айтып келе жатса, қорда сондай өнімдер бар деп айтпайды деп, кім кепіл бере алады?

«Шығарылсын», «сатылсын» деген тапсырманы сарапшылар да қолдап отыр. Тек оларда жеме-жемге келгенде тағы бюджеттен қосымша ақша алынып, шетелден тасимыз деген қауіп басым. Бірақ Үкіметтің есебі түгел. Алдымен қордан пияз, сәбіз, картоп, қырыққабат шығарылып, тауарлық интервенция өткізбек. Шашауын шығармай бақылау касса аппаратымен саналсын деген де тапсырма бар. Енді әр аймақ өзіне керек көкөністің маусымаралық қажеттін есептеп, қордан брондауды бастамақ. Жетпегенін оңтүстіктен алуға қамданып та қойыпты.

Олжас Әділбеков, ҚР Сауда комитетінің басқарма басшысы:

- Оңтүстік елдермен келіссөз жүргізілуде. 70 мың тонна пияз жеткізу туралы келісімшартқа қол жеткізілді. Бұл атқарылып жатқан жұмыс бағаны тұрақтандыруға және қалыпты мерзімде сақталануына көмек береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде