Жатақханада екі адамды пышақтап кетті – Көкшетау
Көкшетауда қанды қылмыс! 50 жастағы азамат жатақханада екі адамды пышақтап тастаған. Кейін өзі полицияға хабар беріпті. Бөлмедегі айқай-шуды көршілері де естіген.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
09.02.2023
Найман Демесінов, марқұмның көршісі:
- Шулап жатты. Бір ақсақал тұратын Әйелді кеңірдегінен төрт рет пышақтаған дейді. Шалды білмеймін. Масқара. Ешкімге зияны жоқ.
Бөлмеде 87 жастағы ақсақал жалғыз өзі тұрыпты. Қылмыс болған күні өзінен 30 жас кіші әйел мен ер адам қонаққа келген. Бірақ думанды дастархан соңы қанды қылмыспен аяқталды. Қаскөй өзімен бірге келген әйелді ақсақалдан қызғанған көрінеді. Асхана пышағын алып алдымен қарияны, одан соң әйелді кеңірдектен бауыздап жіберген. Қылмысқа барған бұл адам бұрын да кісі өлтіріп сегіз жыл түрмеде отырып келген екен.
Гүлнар Пинчук, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Ауыр қылмысын бірден мойындады. Дегенмен полиция келгенше, пышақты жасырып, сыртқа лақтырып үлгерген. Екі бірдей адамды өлтірді деген күдікпен қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!