{metadescription}
Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке қатысты үкім өзгеріссіз қалды
Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке қатысты үкім өзгеріссіз қалды

Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке қатысты үкім өзгеріссіз қалды

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке қатысты үкім өзгеріссіз қалды. Олар былтыр ауданаралық сот үкімімен келіспей, апелляциялық сотқа жүгінген. Бірақ одан ештеңе өзгерген жоқ.

Астананың Сарыарқа ауданы соты Біртановты бес жылға, ал Әбішевке төрт жыл бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза кесіп еді. Әрі екеуі бір миллиард 350 миллион теңге көлемінде материалдық шығынды өтеуі керек. Оған үш ай уақыт берілген. Бұған келіспеген тарап апелляциялық сотқа жүгінді.

Жыл басында басталған соттың бүгін соңғы шешімі шықты. Судья үкімді сол күйінде қалдырды. Енді экс-министр мен оның экс-орынбасары Жоғары сотқа жүгінбек.

Елжан Біртанов 2020 жылы бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамалған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде