Өскеменде бомба қойылғаны туралы хабарлама жиілеп кетті
Өскеменде 26 мектепке бомба қойылды. Білім ошағындағы оқушылар түгел қауіпсіз жерге шығарылып, полиция жарылғыш затты іздестіріп жатыр.
Автор: Ұлан Нұрахмет
10.02.2023
Мектептерге бомба қойылғаны туралы хабарлама білім ошақтарының электронды поштасына жіберілген. Бірақ қылжақбастың кім екені әлі белгісіз. Соған қарамастан құзырлы органдар қауіпсіздік мақсатында оқушылар мен ұстаздарды түгел далаға шығарды. Олар әзірше қашықтықтан оқиды. Ал оған дейін саперлар мен кинологтар ғимараттарды сүзіп шықпақшы. Әзірге 26 мектептің тек он шақтысы ғана тексерілген. Соңғы үш күннен бері Өскеменде бомба қойылғаны туралы жалған хабарлама жиілеп кетті. Полиция ел-жұртты дүрліктірген күдіктіні әлі іздестіріп жатыр.
Медет Бердімұратов, ШҚО ПД бастығының орынбасары:
- Күдікті ұсталған жағдайда ҚР ҚК 273 бабымен тергеу басталады. Ұсталған жағдайда жазасы 5 жылға дейін, бас бостандығынан айыру немесе оның бас бостандығын шектеу.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!