{metadescription}
Сауалнама: Бұқараның алдағы сайлау туралы пікірі қандай?
Сауалнама: Бұқараның алдағы сайлау туралы пікірі қандай?

Сауалнама: Бұқараның алдағы сайлау туралы пікірі қандай?

Болашақ депутаттар ел ішіндегі қордаланған мәселелерді көтеріп, оң шешімін табуға тиіс. Ел тағдырына алаңдаған жұрттың бүгінгі әңгімесінің өзегі – 19 наурызға жоспарланған Мәжіліс пен маслихат сайлауы. Халық қалаулыларынан үміт күтетін бұқараның алдағы саяси науқан туралы пікірі қандай?

- Пікірі адал болады деп үміттенеміз. Бірақ сонда да тексеру керек, ол кісілерді. Бұрын қандай маман болған? Ақша жей ме, жемей ме, халық мүддесін қорғай ала ма? Сондай кісілер болу керек қой, халықтың мүддесін ойлайтың.

- Негізі маңызды деп ойлаймын. Өйткені бір өзгеріс болу керек. Халықты тыңдай бастады ғой.

- Сайлау әрбір елде маңызды болу керек. Ол кез келген елде болу керек. Олсыз дұрыс  өтпейді ғой. Әр адамның дауысы керек ондай сайлауда және ол дауыстарды оқып, кәдімгідей дұрыс жасаса, негізі сол жағы жақсы болады.

- Енді біз сияқты жастарға мүмкіншілік ашылады. Жаңа Қазақстан деп жатыр. Жаңа Қазақстанда жаңа мүмкіндік ашылатын жағдай жасап берсе. Жастардың қамын ойлап, білім жағынан да, технология жағынан да. Мысалы, өндіріс болсын. Осы Қазақстанда не бар дамымаған, соның бәрін дамытатын, еліне елеулі, халқына қалаулы бір азамат келсе деген ойдамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде