Істі сотқа жеткізбей мәмілеге келтіретін «Татуласу» орталығы ашылды
Шешімі бар. Алматыда істі сотқа жеткізбей, екі тарапты мәмілеге келтіретін «Татуласу» орталығы ашылды. Мәселені дау-дамайсыз шешуді қолға алған мекеме ақыл-кеңесін тегін береді. Қазір медиацияға жүгінетін адам саны артқан.
Автор: Асқарбек Қазанғап
10.02.2023
Алматылық Ұлжан Балғазыны бертінде көлік қаққан. Сол сәтті видео, фотоға түсірген бәзбіреу әлеуметтік желіде ақша жинап алаяқтыққа барған. Мұндай бассыздықты білген соң бойжеткен «Татуласу» орталығына көмек сұрап келді.
Ұлжан Балғазы:
- Менің суретімді инстаграмға жүктеп қойған. Сосын халықтан ақша жинаған, мен артынан білдім. Осы уақытқа дейін білген емеспін. Көмектесіп жатыр қазір. Қылмыстық іс қозғап жатыр. Моральдық шығынды талап етемін.
Ұлжан секілді әділдік іздегендерге Алматыда «Татуласу» орталығының есігі ашылды. Алатау ауданында орналасқан мекеме білікті мамандардан жасақталған. Мәселені сотқа жеткізбей, екі тарапты бітімге шақыратын орталық адамдарға тегін ақыл-кеңесін береді.
Нұржамал Мықтыбаева, «Татуласу» орталығының директоры:
- Қазіргі таңда татуластыру орталығына сотқа дейін, сот барысында тараптар көп жүгінеді. Олардың ішінде отбасылық дау бойынша 160 ерлізайыпты татуласып, отбасы сақталды. 950 қылмыстық іс медиациялық татуласуға байланысты сотта істер қысқартылды.
Орталық істі сотқа жеткізбегеннен бұрын, екі тарапты татуластыруды көздейді. Жаңа ашылған орталықтың алдағы уақытта филиалдарын ашу жоспарда бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!