{metadescription}
Өнер жұлдыздары сотта Қайрат Боранбаевтан көрген жақсылығын айтты
Өнер жұлдыздары сотта Қайрат Боранбаевтан көрген жақсылығын айтты

Өнер жұлдыздары сотта Қайрат Боранбаевтан көрген жақсылығын айтты

«Жомарт жүректі, айналасына шапағаты көп тиді». Бүгін бір топ "жұлдыз" куәгер осылай деп, белгілі бизнесмен Қайрат Боранбаевқа араша түсті. Сотта сөз алғанның көбі алыс-жақын шетелге танымал өнер майталмандары. 

«Қазақгаздың» миллиардтарын жымқырды деген күдіктіге қатысты істі Астана қаласындағы №2 Сарыарқа ауданының соты қарап жатыр. Залға келген өнер жұлдыздары әр жылдары Қайрат Боранбаевтан көрген жақсылығын жіпке тізді. Сот бұқаралық ақпарат құралдарына куәгерлердің аты-жөнін жариялауға тыйым салған. Мысалы, әйгілі A-Studio тобының жетекшісі Боранбаевтың арнайы стипендиялар бөліп, талай жасты шетелге оқуға жібергенін, музыкамен әуестенгендерге аспап сатып алып бергенін айтып өтті. «Мен оның ақшалай көмегін көрген емеспін, жәй ғана қиын сәтте досымды қолдауға келдім» деді бүгінгі сот отырысына арнайы келген 

Муз-ТВ арнасының директоры:

- Белгілі кәсіпкер биыл наурыз айында тұтқындалған. Ол квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқырды деген күдікке ілінген. Қайрат Боранбаев «Қайрат» футбол клубының қожайыны.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде