{metadescription}
Балалар шотына қаражат доллармен аударылады – Ұлттық қор
Балалар шотына қаражат доллармен аударылады – Ұлттық қор

Балалар шотына қаражат доллармен аударылады – Ұлттық қор

Ұлттық қордан балалардың шотына бөлінетін қаражат доллармен аударылады. Бүгін осы бастаманың басы-қасында жүрген қаржы министрлігі сенаторларға бағдарлама жобасын ұсынды.

2024 жылдың 1 қаңтарынан іске қосылатын бағдарлама еліміздегі 18 жасқа толмаған балаларды қамтиды. Шот автоматты түрде ашылып, жыл сайын 1 қаңтарда Ұлттық қордың инвестиция кірісінің 50 пайызымен толығып тұрады. "Мәселен, 18 жылда әр баланың шотында шамамен 3500 доллар болуға тиіс". - дейді ведомство мамандары. Ал егер 18 жасқа дейінгі бала шетелге көшіп азаматтығын өзгертсе, ол Ұлттық қордағы ақшасын ала алмайды. Оның қаржысы басқа балалар арасында тең үлестіріледі. Азаматтығын өзгертпей шетелге кеткен жағдайда төлем сақталады. Сонымен қатар, жоба бойынша жиналған қаражатты мұраға беру мүмкіндігі қарастырылды.

Былтыр күздегі Жолдауында президент Ұлттық қордағы қаражатта жас ұрпақтың да үлесі болуы керек екенін айтып, жауаптыларға тапсырма берген. Жинақталған қаржы балалар кәмелетке толғаннан кейін баспанаға алғашқы жарна немесе білім алуына жұмсалады. Қаржы министрлігі дайындаған бағдарлама ендігі аптада парламентке жолданады.

Дәурен Темірбеков, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:

- Ол ақша ешқайда жойылмайды. Ұлттық қорда болады. Онымен Ұлттық банк инвестиция жасайды. Бөлінген ақшаға, оған үстіне тағы да 18 жылдық мөлшерлемедегі жарна төленеді. Мысалы 150-160 доллар түссе, үстіне тағы да сыйақы төленеді. Ол құр жатпайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде