{metadescription}
«Мәжіліс сайлауына қатысқым келеді...»
«Мәжіліс сайлауына қатысқым келеді...»

«Мәжіліс сайлауына қатысқым келеді...»

«Мәжіліс сайлауына қатысқым келеді». Қарапайым ел азаматының бірі осындай мәтіндегі хат жолдапты. Өзге емес, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтың өзіне. Төраға мұны Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында айтты.

Бүгінгі жиында «Ауыл» және «Байтақ» партияларының Мәжіліс депутаттығына кандидаттары да тіркелді. Ал төменгі палатаға үміттенген ел азаматына Нұрлан Әбдіров не деп жауап берді?

Жигули Дайрабаев төрт ай ішінде екінші рет саяси бәсекеге түскелі отыр. Былтыр қарашадағы президентті сайлауда бақ сынаған ол енді партия тізімімен «Ауылдың» атынан Мәжіліс депутаттығына талпынып отыр. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы «Ауыл» демократиялық партиясының Дайрабаевтан бөлек тағы 24 кандидатын наурыздағы сайлауға қатысуға ресми түрде бекітті. Оның 40 пайызы талапқа сай – әйелдер, жастар мен ерекше қамқордағы азаматтар.

Жигули Дайрабаев, «Ауыл» партиясының мүшесі:

- Сенім болмаса күреспейміз ғой. Бізде сенім бар. Иемлекет болашағы, Жаңа Қазақстан құрсақ па деген ойымыз бар. Жаңа Қазақстан құру  әркімнің өзінен басталады. Сондықтан күресеміз. Жақсылық үшін күресеміз. Жаңалық үшін күресеміз.

Бұл жолы ауылдықтар сайлау жарнасын төлемейді. Себебі, заңға сәйкес, алдыңғы парламент сайлауында бес пайыздан көп дауыс жинаған партиялар бұл міндеттен босатылған. Ал бүгін үміткерлерін тіркеген екінші партия «Байтаққа» әзірге мұндай бақыт бұйырмай тұр.

Сәбила Мұстафина, ОСК мүшесі:

- 2021 жылғы қаңтарда өткен Парламент мәжілісі депутаттарының сайлауына «Байтақ» партиясы қатысқан жоқ. Осыған байланысты «Байтақ» партиясы 19 адамға 18 млн 900 мың теңге сайлау жарнасын толық төледі.

Осылайша жеті жылдай қозғалыс болып, жуырда ғана құрылған «Байтақ» жасылдар партиясы төменгі палатаға 18 мүшесін ұсынып отыр. Қатарында тек экологтар емес, заңгер де, құрылысшы да бар.

Қайрат Айтбай, «Байтақ» партиясы республикалық штабының басшысы:

- Халық арасындағы қарапайым өсіп жатқан, ел танитын, жұрт танитын азаматтарды орталыққа шығару. Оны ел де жақсы біледі өңірөңірде. Қаражаты жоқ, көбісінің жағдайы жоқ. Соны мүмкін болса, партия қолдап, орталыққа шығару – мақсатымыз.  

Осымен наурыздағы мәжіліс сайлауында сынға түсетін бес саяси ұйым кандидаттарын ресми тіркеді. Ендігі кезек «Аманат» және «Республика» партияларында. Орталық сайлау комиссиясы 18 ақпанға дейін тексеріс нәтижесін жариялауы керек. Одан әрі тіркеу аяқталып, үгіт-насихат науқаны басталады. Тіркеу демекші, Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тиісті хаттамаға қол қойып жатқанда төраға Нұрлан Әбдіров мынадай бір жайтты айтып қалды. Оның жекесіне елдің қарапайым бір азаматы: «Мен Мәжіліс сайлауында өзімді ұсыну арқылы бақ сынап көргім келеді" деген мазмұнда хат жолдапты. Әрине, азаматтардың өзін кандидат ретінде ұсынуға ешкім кедергі бола алмайды. Тек мұндай мүмкіндік 8 ақпан күні сағат алтыда аяқталды деп жауап беріпті Әбдіров.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде