{metadescription}
Тұрғын үй нарығындағы жағдай
Тұрғын үй нарығындағы жағдай

Тұрғын үй нарығындағы жағдай

Алматыда баспанаға сұраныс артып, өзге өңірлерде төмендеген. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қаңтар айында 24 мыңнан астам отандасымыз жылжымайтын мүлік сату және сатып алу мәмілесін жасапты. Тұрғын үй саудасы бойынша әдеттегідей екі ірі қала көш бастап тұр.

Жыл басталғалы оңтүстік астанада бес жарым мыңдай, елордада төрт мыңнан астам мәміле тіркелген. Ал Ұлытау облысында жылжымайтын мүлікті алып-сатуда тек 285 келісімшарт жасалған. Азаматтардың 75 пайыздан астамының таңдауы көпқабатты тұрғын үйлерге түскен. Басым бөлігі бір бөлмелі пәтер іздейді. Дегенмен жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату мәмілесі былтырғымен салыстырғанда биыл бақандай 27 пайызға төмендеген.

Тұрғын үй нарығының құлдырауы барлық аймақта байқалып отыр. Тек Астанада тұрақты. Ал Алматыда 34 пайызға көбейген. Оңтүстік астанадағы баспана саудасының қызуын мамандар мегаполистің жылдан-жылға дамуымен байланыстырып отыр. Жұрт оқуға немесе жұмыс іздеуге өзге қалалардан гөрі Алматыға келгенді жөн көреді дейді. Әрі инвестиция ретінде де мегаполистан пәтер алуға тырысады дейді сарапшылар.

Қуаныш Шәріпов, риелтор:

- Бізде инвесторлар көп. Алматыда қазір салынып жатқан жаңа үйлерді көбінесе инвесторлар алады. Мысалы, бірекі бөлмелі 100 шақты пәтер сатып алады да, оның үстіне 30-40 пайыз қосып, үй біткен кезде сатады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде