{metadescription}
Маңғыстау облысын қалың қар басты
Маңғыстау облысын қалың қар басты

Маңғыстау облысын қалың қар басты

Маңғыстау облысында тұрғындарды қыс бойы жаумаған қар таңқалдырды. Республикалық маңыздағы жолдар түнгі уақытта жабылып, күндіз ғана ашылады. Бірақ полицейлер сонда да жолға шықпау керек деп ескертеді.

Маңғыстау облысының аудандары мен біраз ауылдарында қалың қар жатыр. Ақтау-Құрық тас жолындағы көктайғақтан тіпті жүру мүмкін емес. Маңғыстаудың көп жеріндегі жағдай осындай. Бір таңқалдыратыны – желтоқсан, қаңтарда жаумаған қар ақпанның ортасында әбігерге салып жатыр дейді тұрғындар. Коммуналдық қызмет көк мұзға тұз бен құм сеуіп әлек.

Елнұр Қоянбай, Ақтау жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:

- Ақпанның 14-не қараған түні мердігер мекемемен Ақтау қаласы автомобиль жолдарына тазарту жұмысы жүргізілді. Бірінші кезекте автобус аялдамалары, әлеуметтік нысандар және төмендеп-көтерілу бағыты бар жолдар тазартылды. Жалпы тазарту жұмысына 102 жол жұмысшы, 4 арнайы техника жұмылдырылды. Жолдарға 26 тонна техникалық тұз себілді. Тазарту әлі жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде