{metadescription}
Полицейлер жүкті келіншек пен екі баланы өрттен құтқарды – Жамбыл облысы
Полицейлер жүкті келіншек пен екі баланы өрттен құтқарды – Жамбыл облысы

Полицейлер жүкті келіншек пен екі баланы өрттен құтқарды – Жамбыл облысы

Жамбыл облысының полицейлері жүкті келіншек пен екі баланы тілсіз жаудан құтқарып қалды. 23 жастағы Меркі ауданының тұрғыны екі қайын інісі және өзінің кішкентай баласымен тірідей жанып кете жаздаған. Абырой болғанда әртіп сақшылары дер уағында келіп өмірін сақтап қалды.

Аяғы ауыр келіншек екі кішкентай баламен үйде болған. Сол сәтте ас бөлмеден өрт шығып лезде күш алған. Будақтаған түтіннен бәрі шығар есіктен адасып, түпкі бөлмеге қамалып қалған. Бұл кезде отағасы жұмыста еді. Ал көшеде кезекшілікте жүрген полицейлер оқыс оқиғаның үстінен түскен. Мемлкеттік автоинспекторлар іште адамдар барын дауысынан біліп, терезені сындырып кірген. Сөйтіп қою түтіннің арасынан көмек сұрағандарды әзер тауып алған. Бүлдіршіндер зардап шекен жоқ. Ал айы-күні жақындаған аяғы ауыр келіншек ауруханаға жеткізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде