{metadescription}
Оқушыларға шабуыл жасаған петропавлдық оқушы қамауға алынды
Оқушыларға шабуыл жасаған петропавлдық оқушы қамауға алынды

Оқушыларға шабуыл жасаған петропавлдық оқушы қамауға алынды

Қатарластарын балтамен ұрған петропавлдық оқушы екі айға қамауға алынды. Бұл туралы қалалық мамандандырылған тергеу соты мәлімдеді.

Өзге деректер тергеу құпиялығына байланысты жария етілмеді. Ал оқу ордасының басшылығы оқыс жағдайдан соң шәкірттерді онлайн оқуға жіберген болатын. Бүгін қайта дәстүрлі форматқа көшті. Қазір мектепте психологтар өріп жүр. Олар балалармен жұмыс істеп жатыр.

9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ алып кеп, үш қатарласын еш себепсіз жарақаттаған еді. Айналасындағылар оны тоқтатып үлгерген. Жүзін бетпердемен тұмшалаған күдікті балта мен пышақты сөмкесіне тығып кіргізген екен. Ол қазір қамауда. Оның неліктен мұндай қадамға барғаны зерделеніп жатыр. Ал жарақат алған үш оқушының екеуіне ота жасалды.

Гүлжанат Қонқарова, Петропавл қаласы №4 мектеп директорының орынбасары:

- Бұл жағдайдан кейін оқушылардың шошынып қалуы заңды құбылыс. Бірақ психологпен әңгімелескенде оларға түгел түсіндіріліп, кейін бәрі дұрысталды. Психологтар кеше мұғалімдермен, бүгін оқушылармен сөйлесті. Бұл жұмыс әлі де жалғасады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде