{metadescription}
Түркия: Қиранды астында он күн жатқан 77 жастағы әжей құтқарылды
Түркия: Қиранды астында он күн жатқан 77 жастағы әжей құтқарылды

Түркия: Қиранды астында он күн жатқан 77 жастағы әжей құтқарылды

Түркиядағы зілзаладан тірі қалғандар әлі де табылып жатыр. Бүгін құтқарушылар қираған ғимарат астында он күн бойы жатқан 77 жастағы әжейді аман алып шықты. Ал жалпы Түркия мен Сирияда табиғат апатынан мерт болғандар саны 40 мыңнан асып кетті.

Адыяман қаласында қариядан бөлек, 12 жастағы бала да дін-аман табылды. Сондай-ақ 222 сағат бойы үйінді астында жатқан 44 жастағы әйел Қахраманмараш қаласынан табылған. Мұндай ғажайыпқа қуанған Түркия жұртшылығы ел президенті Режеп Тайып Ердоғаннан іздестіру жұмысын тоқтатпауды сұрайды.

Мемлекет басшының келтірген дерегі бойынша зілзала болған аймаққа Түркияның 71 провинциясынан 250 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер тартылған. Олардың 35 мыңы іздестіру-құтқару жұмысына қатысып жатыр. Бұған қоса 12 жарым мыңға жуық құрылыс техникасы, 76 ұшақ пен 26 кемені пайдаланып жатыр. Түркия билігі наурыз айында 30 мың тұрғын үйдің құрылысын бастайтынын хабарлады. Оны бір жыл ішінде аяқтаймыз деп отыр. Ал әзірге Түркия пезиденті зілзаладан қаза болғандардың отбасына шұғыл қажеттік үшін 100 мың лирдан бөлуге ниетті. 

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

- Жер сілкінісінен қаза тапқандардың туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Бүгінде мерт болғандар саны 35 мыңнан асып, құтқарылғандар саны 105 мыңға жетті. Жараланғандардың тез сауығып кетуіне тілектеспін. Апатта 1999 жылы салынған 98 ғимарат қирап қалды. Бұл жағдай бізге алдағы құрылыс жұмысына сақ болуды және қатаң қадағалау керек екенін түсіндірді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде