{metadescription}
Қазақстан Түркияға 55 тонна қосымша гуманитарлық көмек жібереді
Қазақстан Түркияға 55 тонна қосымша гуманитарлық көмек жібереді

Қазақстан Түркияға 55 тонна қосымша гуманитарлық көмек жібереді

Қазақстан Түркияға 55 тонна қосымша гуманитарлық көмек жібереді. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді. Киім-кешек, кереует, шатыр, күнделікті қолданысқа қажет заттар жөнелтіледі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жер сілкінісінен зардап шеккендерге жедел көмек көрсету үшін 1 миллион доллар қаржы бөлуді Үкіметке тапсырған болатын. Бүгінге дейін қазақстандықтар Түркия тұрғындарына көмек ретінде 2 миллион 849 мың доллар жинаған. Барлық қаржы AFAD ресми шотына аударылады.

Көмек қолын созуға жеке азаматтар да емеурін білдіріп жатыр. Мәселен, табиғи апат салдарымен күресіп жатқан түркі бауырларға «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры 500 мың  доллар аударды. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екиджи мен қор басшысының өзара кездесуінен кейін белгілі болды.

Қасым Қасабеков, «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының директоры:

- Біз қазір Түркия төтенше өкілеттігімен және де консулдығымен кездесік. Ол кісілерге палатка, генератор, матрас, төсеніш, жамылғыштар керек екен, осыларды, Құдай қаласа, бірінші болып алып берейік деп отырмыз. Басықасында болып көмектескелі отырмыз. Егер де Түркия халқына тағы да көмек керек болса, біз де көмек көрсетуге дайынбыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.