Алматыда өртенген автобустың құр қаңқасы ғана қалды
Алматыда тағы да автобус отқа оранды. Жүргізуші техникалық ақауды дер кезінде байқаған, соның арқасында ешкім зардап шеккен жоқ.
Автор: Салтанат Шырынхан
15.02.2023
№131 автобусы таңертең әл-Фараби даңғылының бойымен келе жатқан. Орта жолда бұзылып, автопаркке кері қайтпақ болады. Жұмысына асыққан жұртты аялдамадан түсіріп үлгеріпті. Артынша қозғалтқыштан жалын бұрқ етіп, әп-сәтте қоғамдық көлік отқа оранды. Өрттің жылдам күш алғаны сонша, құтқарушылар келгенше автобустың құр қаңқасы ғана қалған. Оттың неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Өртенген ЛиАЗ маркалы жолаушылар көлігі «Алматыэлектротранс» компаниясына тиесілі екен.
Малика Якупова, «Алматыэлектротранс» ЖШС дайындау бөлімінің бас маманы:
- Өртенген автобустың норматив пайдалану мерзімі аяқталып қалған. Автопарктің техникалық жайкүйін жоспарлы тексеру кезінде осы маркалы қоғамдық көліктердің қатты тозғаны анықталды. Сондықтан көрсетілетін көлік қызмет сапасын және жолаушылар қауіпсіздігін арттыру үшін осы жылы 300 жаңа автобус және 100 троллейбусті жаңарту жоспарланып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!