{metadescription}
Түркістанда балабақша қызметкерлері бар былықты жайып салды
Түркістанда балабақша қызметкерлері бар былықты жайып салды

Түркістанда балабақша қызметкерлері бар былықты жайып салды

Бала тәрбиелеудің орнына басшылардың үйін тазалаймыз! Түркістан қаласында «Бөбек» деп аталатын мемлекеттік балабақша қызметкерлері негізгі міндетімізді атқаруды қойдық деп наразылық білдірді.

Айтуларынша, меңгеруші жұмыс уақытында тәрбиеші мен бала күтушілерді лауазымды басшылардың үйін жинатуға жібереді. Балабақшы басшысы мұны, әрине, жоққа шығарды. 

«Бөбек» балабақшасында қазір маза жоқ. Екі жыл бұрын тағайындалған меңгеруші ғимарат ішін әрлеу, мекемеге келген қонақтармен қоса, басшының үйіндегі меймандарды күту, тіпті үйіне дейін тазалау мойнымызда дейді тәрбиешілер.

Асылзат Таңатарова, тәрбиеші:

- Біз салықтың бастығы, сосын еңбек инспекциясының бастығының үйін жинадық барып,  Арасында маған видеоқоңырау шалып, «не істеп жатыр қыздар, қане көрсет» деп, Зухра апай, мына Асылзат әжетханасын жуып жатыр, Айнұр деген қыз бар қасымда, ол ваннасын жуып жатыр деп көрсетеді. Есеп тапсырамыз, иә. «Дұрыстап тазалаңыздар» дейді. Жинаптазалайтын заттарды, шүберекке дейін өзіміз сатып аламыз.

«Айлықты толық алу да мұңға айналып, асханадағы азық-түлікке дейін меңгерушінің үйіне таситын былдық» - дейді наразы қызметкерлер.

Ләззат Ерәлиева, әдіскер:

- Ол кезде ол қызметкерлердің ақшасы 121 мың теңге болатын. Ал бірақ 150 мың теңге деп аванс түсіреді, 9 қызметкерге, сөйтіп оны қайтадан төртеуінен есеп арқылы аударылса, бес адамнан қолма-қол жинап алған. Содан кейін осы хабарды біз 24 қаңтар күні білдік. Сөйтіп ол кісіден сұрадық, «бұл не ақша, қандай ақша» десек, жауап беруден қашты.

Ардақ Жұмашева, аспаз:

- Кешегі келген ет, мысалы, 116 кг ет келетін болса, оның 30 кг еті меңгерушінің үйіне жеткізілді. Оны мен апарып берген жоқпын, жеткізуші өзі әкеп берген. Әр балаға 100 грамм еттен болуға тиіс, бізде 30 кг қысқарту керекпін ғой мен. Сол үшін 13 кг, кейде 12 кг ет беремін. Яғни 100 грамнан тимейді, балаларға 60-50 грамнан тиеді.

Ал қарамағындағылармен бір жылдан бері текетірес жағдайында жүрген меңгеруші мұның бәрін жала деп отыр. Жұмысты талап етіп жақпай қалғанын айтқан ол, ұжымды жергілікті білім бөліміндегілер қарсы ұйымдастырып отырғанына сенімді.

Гүлбану Ұзақ, «Бөбек» балабақшасының меңгерушісі:

- Мүмкін жоғары жақтан бұл кісілерге беріліп жатқан тапсырма шығар. Білім бөлімі тарапынан. Ара-қатынасымыз салқын деп айта алмаймын. Өйткені бұл кісілер митинг ұйымдастырды, жұмыс уақытында. Сол кезде білім бөлімінің бас маманы сол митингке қатысып, сол кісілердің жанында жүрді.

Ал білім бөлімі балабақша басшысына әдейі шүйліккен жоқпыз дейді. Тек ұжымның шағымы бойынша тексеру жүргізіп, меңгерушіні екі рет жұмыстан босатқанын айтады. 

Гүлмира Құлбайымбетова, Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы: 

- Жұмыстан босатылған болатын, бірақ кейін еңбек инспекциясының келіп тексеруінің барысында соның қорытындысына сәйкес, Гүлбану Ұзақ өз орнына қайтадан келген. Біраз уақыттан кейін ол кісінің алты күн жұмысқа келмеуіне байланысты акті түзілген болатын. 

Бір жылда орнынан екі мәрте кетіп қайта келген Гүлбану Ұзақ ұжымның арызы үшін өз еркіммен кетпеймін дейді. Қол астындағылар да меңгерушісімен татуласқысы келмейді. Соған қарағанда ұжым мен басшы арасындағы текетірес әзір бітпейтін сыңайлы.     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде