{metadescription}
Астана маңындағы ауылдардан аккумулятор ұрлап жүргендер ұсталды
Астана маңындағы ауылдардан аккумулятор ұрлап жүргендер ұсталды

Астана маңындағы ауылдардан аккумулятор ұрлап жүргендер ұсталды

Астана маңындағы ауылдардан аккумулятор ұрлаумен айналысқан топ ұсталды. Қосшы, Тайтөбе, Қараөткел елдімекендерінен түн қата жүріп, шетінен жекеменшік КамАЗ көліктерін тонап келген.

Жүк көлігімен табыс тауып отырған ауыл тұрғындарынан полицияға соңғы бір аптада жеті адамнан шағым түскен. Осы тектес арыздар бұған дейін де болыпты. Барлығы аккумулятор ұрланғанын айтқан. Ұрылар оңай олжасын далада тұрған көліктен ғана емес, үйдің пеш қойылған бөлмесінен де әкетіпті. Жедел тергеу тобы Астанадағы қосалқы бөлшек сататын базарларды төңіректеп жүрген екеуді байқап қалған. Олар қолданылған аккумуляторларды арзан бағаға сатып жүрген. Екеуі де кешікпей қолға түсті. Олардан 19 дана КамАЗ аккумуляторлары тәркіленді.

Әсем Әбдікәрімова, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі:

- 24 және 22 жастағы екі азамат ұсталды. Бірі Тайтөбе ауылынан, екіншісі Астана тұрғыны. Ұрланған аккумуляторларды базарда саудалаған. Қазір ұр бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Олардың басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы баржоғы тексеріліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.