{metadescription}
Шекара қызметінің директоры Челах ісіне қатысты пікір білдірді
Шекара қызметінің директоры Челах ісіне қатысты пікір білдірді

Шекара қызметінің директоры Челах ісіне қатысты пікір білдірді

«Айтарын айтты, қайта қарайтыны жоқ!» Шекара қызметінің директоры Челахтың мәлімдемесіне қатысты осындай пікір білдірді. Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Челах бұған дейін: «Арқангерген оқиғасына қатысты тың деректі жариялауға әзірмін» деп, мемлекет басшысына хат жолдаған болатын.

Ержан Алдажұманов, ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары, шекара қызметінің директоры:

- Мұнда бірдеңе деп айтудың өзі артық. Оқиға болған жылы қылмыстық іс қозғалды. Сол кезде істің аққарасын ажыратты деп ойлаймын. Владислав Челахтың не айтқысы келетінін білмеймін. Қылмыстық іс жүргізілді, тергеу толық көлемде өтті, нәтижесі шықты. Егер мәлімдемесі болса, сол кезде қарастырайық. Өйткені мен қазір оның не айтуы мүмкін екенін білмеймін.

2012 жылдың желтоқсанында өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челах жазасын Қостанай облысындағы «Қара бүркіт» аталып кеткен түрмеде  өтеп жатыр. Қатардағы жауынгерге сол жылдың мамыр айында Қытаймен шекарадағы Арқанкерген бекетінде 15 адамды өлтірді деген айып тағылған. Оның 14-і сонда борышын өтеп жүрген сарбаздар мен офицер, сержанттар, біреуі сол маңдағы қорықшы.

Ал былтыр Жамбыл облысындағы Шөлдала бекетінде өзіне қол жұмсаған жауынгердің ісі әлі тергеліп жатыр.

«Сіздің ұлыңыз әскери борышын өтеген бе?» деген тілшілер сауалына Шекара қызметінің директоры былай жауап берді:

Ержан Алдажұманов, ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары, шекара қызметінің директоры:

- Менің балаларым әлі кішкентай, мектеп жасында. Ешқайсысы әзір әскер қатарында болған жоқ. Қызым 10-сыныпта оқиды. Ал ұлым 4-сыныпқа көшті. Өзімнің зейнетке шығума екі жыл ғана қалды. Ұлым әскерге шақырылатын жасқа жеткенше, мен өмір сүремін бе, жоқ па, ол да белгісіз. Сондықтан менің балам әскерге барған күнде генералдың ұлы емес, қарапайым Қазақстан азаматы болып барады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде