{metadescription}
Теңге нығайып келеді, бірақ ...
Теңге нығайып келеді, бірақ ...

Теңге нығайып келеді, бірақ ...

Теңге нығайып келеді. Қор биржасында бүгін доллар бағамы 447 теңге болды. Соңғы бір айда АҚШ ақшасы 15 теңгеге арзандаған. Алайда экономистер ұлттық валютаның күшеюін уақытша құбылыс деп отыр.

Арман Байғанов, экономист:

- Ең басты факторсалық кезеңі. Ақпан айында елдегі компаниялардың бәрі төлемдерін, жылдық салығын жабады. Яғни ұлттық валютаға сұраныс артты. Олардың бәрі жинағында тұрған долларды теңгеге ауыстырып жатыр. Бірақ бұл уақытша. Наурызда жағдай өз қалпына келіп, доллар қайта қымбаттауы мүмкін.

Ақша айырбастау орындарында бір доллар қазір 449-450 теңгеден сатылуда. Қара алтынның бағасы өсіп, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі қазір 85 доллар. Еліміздегі мұнай экспортерлері де қазір салық төлеп жатыр екен. Алыс-берістің тек теңгемен жүретінін ескерсек, ұлттық валютаның нығаюына бұл да әсер етті дейді экономистер. Теңге мұнай бағасынан бөлек, рублге де тәуелді екені белгілі.

Ал Ресей валютасының хәлі мүшкіл. Қазір бір рубль 6 теңгеге дейін түсті. Көрші мемлекеттің сарапшылары жаңа санкциядан кейін рубль еңсесін тіктеу үшін көп уақыт жоғалтады деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде