{metadescription}
Қарағандыда таң атпай бір көшенің үйлерін су басты
Қарағандыда таң атпай бір көшенің үйлерін су басты

Қарағандыда таң атпай бір көшенің үйлерін су басты

Қарағандыда таң сәріде бір көшенің бойындағы үйлерді су басты. Бұған су құбырының жарылуы себеп болған. Мұндайды күтпеген тұрғындардың жиһазы мен тұрмыстық техникасы малмандай су болды.

Коммуналдық мекеме ақауды жөндеумен күні бойы алысты. Олардың айтуынша, тұрғындар судан келген шығынды есептеп сотқа жүгінсе, шешім арқылы өтемақы төлеуге дайын екен.

Коммуналдық апат таңсәріде болған. Тозығы жеткен үлкен құбыр жарылып,  жақын маңдағы үйлердің ауласы суға толды, Жайылған су тіпті шырт ұйқыда жатқандардың баспанасын басқан. Үйдің едені көтеріліп, тұрмыстық техника су астында қалған.   

Таңғы алтыда көлге айналған бөлмеде оянған 78 жастағы Лидия Киселева бұл көріністен шошынып қалған. Таяғына сүйенген кейуана су басқан баспанасында делсал күйде жүр.

Лидия Кисилева Қарағанды тұрғыны:

Таң ата жарықты қоссам, бөлмелерді су басыпты. Мұздатқыш еріді ме деп қалдым. Анығырақ қарасам, барлық бөлмеде су көтеріліп жатыр. Не істерімді білмей қалдым. Судың астында қалып қойсақ не болар еді? Масқара емес пе?!

Мамандар апат алған орында суды бірнеше сағат тоқтата алмай әбігерге түсті. Бұл аумақтағы су құбыры бұған дейін де 15 рет жарылыпты. Құбыр толық жаңартылмаса болмайтынын тұрғындар сан рет айтқан. Жылдар бойы ел өтінішіне құлақ аспайған мекеме тозығы жеткен құбырды биыл ауыстыру жоспарға енді дейді.

Ольга Осипчук  «Қарағанды су» ЖШС бөлім меңгерушісі:

Жағалау көшесінде апаттан құтқаруды Михайлов сумен жабдықтау бригадасы мамандары жүргізіп жатыр. Биыл жазда 800 метр құбыр ауыстырылады. Тұрғындарға құқығы бойынша шығыны өтеледі.

Су басқан үйлердегі шығын көлемі әзірге белгісіз. Оны тұғындардың өзі есептеп алсын дейді коммуналдық мекемедегілер. Сотта дәлелдесе, өтемақы төлеуге әзірміз дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде