Науқасқа сенбеген жедел жәрдем диспетчері жұмыстан қуылды – Тараз
Ауыр халдегі Тараз тұрғынына «массың» деп жедел жәрдем көлігін жібермей қойған диспетчер жұмыстан қуылды. Дәрігерлер жеткенше инсульттан көз жұмған марқұмның жақындары бұл іс бойынша тек жалғыз адамның жазалануымен келіспейді. Олар барлық кінәліні қылмыстық жауапқа тартуды талап етіп отыр.
Автор: Руслан Әбдіхалық
16.02.2023
Ирина Шаевская, Л. Остапенконың әпкесі:
- Бір адамды жұмыстан қуған. Тағы екі диспечер қатаң сөгіс алған. Ал жедел жәрдем стансасы басшысының екі орынбасары мен бір аға дәрігер сөгіс алған. Бәрі 6 адам. Бары сол ғана ма? Адам өліп отыр ғой. Прокуратураның өзі қылмыстық іс қозғауға толық негіз бар деп айтқан болатын.
Ирина Шаевская сіңілісінің қазасынан 45 күн өтсе де, тергеушілер қимылдамай отыр деп күйінеді. Оның сөзінше, дәл қазір құзырлы орын өкілдерімен мүлдем байланыс жоқ. «Департаментке барсақ, таппаймыз, ал өздері үйге іздеп келмеді» - дейді. Соған қарағанда олар әдейі уақыт созып, істі жылы жапқысы келе ме деп күдіктенеді.
Бір жарым ай бұрын инфаркт болған Людмила Остапенко үйіне жедел жәрдем шақыртқан. Бірақ диспетчерлер хәл үстінде тілі күрмелген 46 жастағы әйелге «сен массың ба?» деп, шұғыл көмекке ешкімді жібермей қойған. Медицина мамандарының кешігуінен жергілікті тұрғынның жүрегі тоқтап, ауруханаға жетпей жан тапсырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!