{metadescription}
Қазақстан халқы Түркияға 3 жарым миллион доллар жинапты
Қазақстан халқы Түркияға 3 жарым миллион доллар жинапты

Қазақстан халқы Түркияға 3 жарым миллион доллар жинапты

11 күннен соң тірі табылды. Түркиядағы жер сілкінісінен кейін 248 сағат бойы үйінді астында жатқан бойжеткен құтқарылды. Бауырлас елде әлі күнге дейін іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша Түркия мен Сирияда зілзаладан қаза тапқандар саны 42 мыңнан асты.

17 жастағы Алейна Өлмез Қахраманмараш қаласында жермен-жексен болған ғимараттың астынан шығарылып, ауруханаға жеткізілді. Табиғи апаттан  Түркияның 10 провинциясында 81 мыңнан астам адам ауыр жарақат алды. Зақымданған және қираған нысандар 25 мыңға жуық.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы табиғи апаттан осы екі елде  жұқпалы індет тарай ма деп қауіптеніп отыр. Яғни зілзала кезінде су құбырларына айтарлықтай зақым келген. Соның салдарынан судан таралатын инфекциялар пайда болуы мүмкін дейді. Осы орайда аталған ұйым халықты таза сумен қамту үшін мемлекеттерді қаржылай көмек беруге шақырады.

Бүгін Түркияның арнайы көмек шотына Қазақстан халқы жинаған 216 мың доллар аударылған. Түркия елшілігі қайырымдылықтан түскен сома  3 жарым миллион доллардан асқанын жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде