{metadescription}
Таразда дәмхананың алдында су жаңа көлік жарылып кетті
Таразда дәмхананың алдында су жаңа көлік жарылып кетті

Таразда дәмхананың алдында су жаңа көлік жарылып кетті

Таразда дәмхананың алдында көлік жарылды. Алапат өрттен асхана өртеніп кете жаздады. Абырой болғанда куәгерлер машинадан шыққан өртті дер уағында өшіріп, ал тамақтануға келгендер сыртқа қашып үлгерді.

Оқыс жағдай қаладағы ең танымал дәмхананың алдында болған. Куәгерлердің сөзінше, жеңіл көлік қараптан-қарап жарылған. Айналаға бензин шашырап, жалын ортасында бірнеше каөлік қалып қойған. Олардың бәрі өртеніп кете жаздады. Жарылған көліктің ішіндегі екі адам салоннан зорға қашып шықса керек. Су жаңа КIA-ның неліктен атылып кеткені әзірге белгісіз. Жергілікті тұрғындар машина иесіне қастандық жасалған десе, тәртіп сақшылары оны теріске шығарды.

Құндыз Бөгенбаева, Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің маманы:

- Аталған дерек бойынша «102» арнасына және полиция бөліміне ешқандай арыз-шағым түспеген. Мән-жайды анықтау үшін полиция қызметкерлері оқиға орнына жіберілді. Автокөлік иесі анықталды, алайда ол өрттің техникалық ақау салдарынан орын алғанын айтып, арыз жазудан бас тартты. Тексеру жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде