{metadescription}
Сауалнама: 19 наурызда өз таңдауыңызды жасауға дайынсыз ба?
Сауалнама: 19 наурызда өз таңдауыңызды жасауға дайынсыз ба?

Сауалнама: 19 наурызда өз таңдауыңызды жасауға дайынсыз ба?

19 наурызда ел азаматтары өз таңдауын жасауға дайын. Сауалнамаға қатысқан жұрттың басым көпшілігі болашақ депутаттар халықтың өмір сүру сапасын жақсартатынына сенеді. Сол үшін саяси науқанға атсалысу – азаматтық парызымыз дейді.

- Сайлауға бірінші рет қатысып көргенмін. Бұйырса, 19-ы күні болатын сайлауға тағы да өз дауысымды берсем деп отырмын. Сайлаудың маңыздылығын айтсам, мемлекет болғаннан кейін халыққа деген көмегі керек. Халық өз дауысын бере отырып, өзінің мемлекетке деген, болашағын ойлайды ғой. Сол болашағына ықпал етеді, дауыс бергені.

- Біз міндетті түрде қатысамыз, отбасымен, үйдегі жұбайыммен бірге сайлауға барамыз. Негізі үлкен үміт бар. Президентіміз Тоқаев айтып жатқан жоқ па, «Жаңа Қазақстан» деп, үлкен өзгерістер енгізгісі келіп жатыр.

- Алға жылжу, халықтың әлеуметтік жағы болсын, тұрмыс тіршілігі болсын, соның бәрін бір жақсартуға септігі тиеді деген ойдамын.

- Депутат, негізінде, халықтың жағдайынан хабардар болып отыратындай, ел арасынан шығу керек деп ойлаймын. Және міндетті түрде білімді болуы. Басшы өзгерген кезде жаңа леппен келеді. Сол үшін де сайлаудың маңызы зор.

- Сайлауға барамын. Өз дауысымды беремін. Дауыс беру – әр қазақтың міндеті. Өйткені өз еліңде тұрып, өз депутаттарын сайлаған дұрыс. Сол депутаттар жаңа Қазақстанға өз үлестерін қосады деп сенемін. Бұл саясат үшін де, заң үшін де сайлаудың үлесі зор.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде