Қазақстан – интернеті ең арзан елдердің қатарында
Қазақстан интернеті ең арзан елдердің қатарына кірді. Әлем мемлекеттері ішінде қолжетімділігі жағынан 7-ші орынға шыққан.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
17.02.2023
Арзан әрі жылдам интернет әлем жұртшылығына өмірдегі ең басты қажеттіліктің біріне айналды. Британдық сарапшылар 233 елдің ішінде ең арзан «бестікті» атады. Олардың пайымдауынша, 2022 жылы мобильдік интернеттің 1 Гб-ның орташа құны Израильда шамамен 18 тенге. Италияда – 53, Сан-Маринода – 62, Үндістанда 76 теңге тұрады. Ал Қазақстандағы мобильдік интернет бағасы – 165 теңге.
Зерттеулерде еліміздегі ғаламтор жылдамдық жағынан Ресей мен бірқатар Орталық Азия мемлекеттерін артта қалдырған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!