Kaspi.kz көмегімен Түркияға 1 миллиардқа жуық теңге аударылыпты
Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен 40 мыңнан астам адам қаза тапты. 100 мыңнан астамы зардап шекті. Біздің отандастарымыз бұл қиын жағдайда бейтарап қалған жоқ.
Автор: Салтанат Шырынхан
17.02.2023
Зардабы көп зілзала талай адамға ауыр тиді. Көптеген қазақстандықтар бірден зардап шеккендерге көмек көрсету жолын іздей бастады.
Махмут Шевкет Байрам, Түркияның Қазақстандағы елшілігінің коммуникация жөніндегі кеңесшісі:
- Біз Қазақстан Республикасының Президенті мен қазақ халқына алғыс айтамыз. Сіздер бізге ең қиын сәттерде қолдау білдірдіңіздер. Біз сіздер қосқан үлесті, Kaspi қосымшасын және жылдам, оңай ақша аудару мүмкіндігін бағалаймыз. Жер сілкінісінен кейін елшілікке шағын, сонымен қатар көлемді көмек жібергісі келген адамдар хабарласа бастады. Мысал көп, тіпті қарт адамдар келіп, Kaspi арқылы көмек қаражатын қалай аударуға болатынын сұрады. Біздің қиындық бізді біріктірді. Рахмет, Қазақстан!
Бағдат Анарбаева, Алматы волонтерлері фронт офисінің жетекшісі:
- Түрік елінде болған қайғылы жағдайдан кейін біз шұғыл түрде Қазақстан бойынша волонтерлық көмек көрсету керек екенін шешкен болатынбыз. Kaspi.kz осы жолы біздің жұмысымызды өте оңайлатты, сонымен қатар қатты көмектесті десем де болады. Қиын жұмысты осы жолы оңай, қиналмай жасадық. Сондықтан алғысымызды білдіреміз. Осы заманның талабына сай Kaspi.kz
- Күнненкүнге өмірімізді, белгілі бір жұмысымызды оңайлатып, көмектесіп келеді.
Ернұр Мырзалы:
- Түркиядағы жағдай туралы алдымен әлеуметтік желіден оқып білдім. Әдеттегідей жұмыс күнінен соң кофе алғым келді. Бірақ жолда бұрын оқыған ақпараттарым, жаңалықтар есіме түсті. Содан бір күн кофе ішпесем ештеңем етпес деп, осы бір кофенің ақшасын жәй ғана қайырымдылыққа жұмсауды шештім.
Ғазиза Ұзақ:
- Жойқын жер сілкінісінің болғанын мен сол Түркияда тұратын достарымның, бауырларымның фейсбук парақшасынан оқып білдім.
- Бауырлас елге көмек ретінде мен әуелі гуманитарлық көмек көрсетуді жөн көрдім. Алматыдағы Түркия республикасының бас консулдығына барған кезде маған бір парақ қағаз берді. Ол қағазда қаражаттың қалай аударылуы керек туралы ақпарат болды. Бірден өзімнің шамама қарай қаражатымды аудардым. Өте ыңғайлы, тез болды. Және ол ақшаның нақты көмекке мұқтаж жандарға түсетінін білдім.
Әбдіхалил Долқунтай, Ұйғыр этно-мәдени орталығының төрағасы:
- Түркиядағы зілзаланы аса ауыр, қайғыра қабылдадық. Біз бір ел, бір түркі халқымыз. Президентіміз көңіл айтты, төтенше жағдайлар мен медицина қызметкерлері көмекке аттанды. Бұдан кейін біз де қарап тұра алмадық. Бірден штаб жинап, аз күннің ішінде қомақты қаражат жинадық. Мұның барлығы біздің ынтымақбірлігіміздің арқасы. Түркия халқына көмекті өте оңай әрі жылдам аудардық.
Kaspi.kz-тің көмегімен қайырымды қазақстандықтар зардап шеккендерге 1 миллиардқа жуық теңге аударды. Көмек жинау әлі де жалғасып жатыр. Бұған сіз де смартфон экраны арқылы өте қарапайым жолмен үлес қоса аласыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!