Ақмола облысында жүк пойызы мен көлік соғылып, үш адам қаза тапты
Ақмола облысында жүк пойызы мен көлік соқтығысты. Темір жолдағы апаттан үш адам қаза тауып, жараланған тағы үшеуі Шортанды аудандық ауруханасына жеткізілді.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
20.02.2023
Әсем Әбдікәрімова, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі:
- Алдын ала тергеуде минивен жүргізушісі бағдаршамның тоқтату дабылына мән бермей, тіпті жабылған шлагбаумды айналып өтіп кеткен. Қазір екі және одан да көп адамның өліміне әкелген жол ережесін сақтамау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Апат Шортанды кентінің дәл іргесінде болған. Бурабай – Астана бағытында келе жатқан жүк пойызының машинисі көлікті 60 метр жерден байқап тежегішті басқан. Бірақ тоқтай алмай, алты адам мінген көлікті жапырып өткен. 46 жастағы жүргізуші мен тағы екі жолаушы оқиға орнында мерт болды. Олар Астана қаласының тұрғындары. Ал тағы үш адам түрлі жарақат алған. Олар Новокубанька ауылынан Астанаға бара жатыпты.
Кәмила Әбделманова, Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
- Аман қалғандарының арасында 2004 жылғы азамат сол жақ бас терісін жарақаттап алған және кеуде тұсынан қатты соққы алған. 1992 жылғы азамат мойын омырқасы контузиясын алып, сол жақ маңдайына сәл зақым келген. Екеуі де қазір Шортанды аурахансының хирургия бөліміне жатқазылды. Қажетті емдом жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!