{metadescription}
Қару дүкенін тонап, тапа-тал түсте көшеде оқ жаудырды – Шымкент
Қару дүкенін тонап, тапа-тал түсте көшеде оқ жаудырды – Шымкент

Қару дүкенін тонап, тапа-тал түсте көшеде оқ жаудырды – Шымкент

Шымкентте қару сататын дүкенді тонаған адам тапа-тал түсте көшеде оқ жаудырды. Оны тоқтатпақ болып тұра ұмтылған 52 жастағы күзетшіге оқ тиіп жараланды. Ал қолына автомат алған күдікті полицейлердің көлігіне мініп қашып кетпекші болғанда ұсталды.

Шымкент орталығында қаруланған адам емін-еркін көшеде жан-жағына оқ атып жүр. Куәгерлер оның қолында бірнеше қару болғанын айтады.

Фараби Сыздықбеков,  оқиға куәгері:

- Қолында винчестер, қосауызды мылтық. Біреуін бір қолына ұстап алған, екіншісімен атты. Тура осы көшенің бойымен, сосын арғы бетке өтті. Жаңағы үлкен кісі, қолына мылтығын ұстап жүгіріп айқайлап жүрді. Бірекі оқ атылды. Адамға тиді ме, тимеді ме, байқамадық. Біз мына жақта жүрдік, тығылып үлгердік, оқ тиіп кете ме деп қорықтық.

Күдікті қолындағы автоматты қару-жарақ сататын «Арсенал» дүкенінен алып шыққан. «Дүкен тоналды» деген дабылмен келген күзетшілер оны артынан қуған. Бірақ мұздай қаруланған күдікті біреуін сол жерде жаралапты.

Қаскөй патрульдік полицейлердің көлігін де тартып алмақшы болыпты. Бірақ, тәртіп сақшылары жабылып жүріп ұстап үлгерді.

Жанарыс Серікбай, оқиға куәгері:

- Бері қарай шықты. Одан кейін қасында полицейді көріп тоқтап еді, бірекі оқ атылды. Одан кейін полицейдің көлігіне отырып алып, айдап қашпақшы болды. Одан кейін полицейлер ұстап алды, болды. Үш полицей.

Қазір күдікті ұсталды. Полицейлер оның Өзбекстан азаматы екенін айтады. Бірақ 50 жастағы көрші елдің азаматының мұндай қадамға неліктен барғаны белгісіз. 

Қарулы адамды патрульдік полицейлер мен «Тұран» АПБ криминалдық полициясының жедел уәкілдері ұстады. Ер адам Өзбекстан азаматы, Шымкентте жалдамалы пәтерде тұрады. Одан шолақ мылтық және ұрланған «Сайга» карабині тәркіленді. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Ал қолынан жарақат алған күзетшіге ауруханада ота жасалып жатыр. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді дәрігерлер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.