{metadescription}
Екібастұзда жылу электр орталығы тағы да істен шыққан
Екібастұзда жылу электр орталығы тағы да істен шыққан

Екібастұзда жылу электр орталығы тағы да істен шыққан

Екібастұз қаласына тағы да жылу жетіспей жатыр. Қыс бойы дірдектеп шыққан тұрғындар тағы да тоңа бастады. Сондықтан мектептер мен колледждердегі сабақ тоқтатылып, оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға жіберілді. Ал балабақшаларда тек кезекші топ жұмыс істеп жатыр.

Қаладағы тозығы жеткен жылу электр орталығы тағы істен шыққан. Бұл жолы желідегі су беру жүйесінде апат болған. Соның кесірінен үш қазандық жұмысын тоқтатып, сорғыларды өшіруге тура келген. Дегенмен төтенше жағдай бригадасы ақауды дереу қалпына келтірді. Қазір сумен жабдықтау температурасы 75 градусқа дейін көтерілді дейді жауаптылар. Алайда баспаналар мен ғимараттарға жылу жетпей жатыр. Сондықтан мектеп оқушылары мен колледж студенттері жаппай қашықтан оқуға көшірілді. Ал балабақшаларда тек кезекші топ жұмыс істеп тұр.

 Былтыр 28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай жарияланып, коммуналшылар 10 күн бойы қаланы мұз құрсауынан шығарған. Осыдан кейін «ПавлодарЭнерго» компаниясының бас директоры қызметінен қуылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.