Антикор қызметкерлері әкімдерден пара дәметкен
Әкімдерден пара дәметкен. Жемқорлықпен күресіп жүрген бір топ антикор қызметкеріне осындай айып тағылып отыр. Бас прокуратураның мәліметінше, олар Түркістан облысындағы бірнеше ауылдың әкімінен пара алды деген күдікке ілінген.
Автор: Айғаным Достанбай
20.02.2023
Өңірдегі жеті ауыл округінің басшылары мен әкімдіктің бір есепшісі сот шешімімен әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылып, кейбірі айыппұл түрінде жаза арқалаған. Кейін бас прокурордың наразылығымен тексеріс қайта жүргізіліп, Жоғарғы сот ауыл әкімдерін толық ақтап алыпты. Тергеу кезінде белгілі болғандай, ақ жағалыларды пара беруге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің өздері мәжбүрлеген. Осылайша сот шешімімен антикордың екі жедел өкілі шенінен айырылып, әрқайсысының алты жылға бас бостандығы шектелді. Ал жәбірленушілердің пайдасына моральдық залал өндірілді.
ҚР Бас прокуратурасы:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің өкілдері Түркістан облысы Жетісай ауданының әкімдігін тексеріп, ауыл округтерінің әкімдерін қылмыстық жауапкершілікке тартумен қорқытып, олардан ақшалай қаражат талап еткен. Олардың тұрақты түрдегі талабынан кейін әкімшілік жұмыскерлері тексерушілерге тексерістің оң шешілуі үшін 400-мыңнан 630-мың теңгеге дейінгі қаражат беріп, пара берумен ұсталған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!