Пойызға соғылған жүргізушінің мәйіті сараптамаға жіберілді – Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысында шойын жол өткелінде қаза тапқан көлік жүргізушінің мәйіті сараптамаға жіберілді. 43 жастағы Қырғызстан азаматы жүк көлігімен пойызға соғылып, сол жерде жан тапсырған.
Автор: Жаңалық Ахаш
21.02.2023
Апат Хромтау қаласының іргесіндегі Жазық бекеті маңында болған. Жеңіл көлік тасумен айналысатын жүк машинасының жүргізушісі қызыл жанып тұрған бағдаршамды да елемей, шлагбауымды бұзып темір жол бойына шығады. Сол кезде пойыз келіп қалған. Марқұмның неліктен қатты жылдамдықпен келіп, белгілерге мән бермегені тексеріліп жатыр. Денсаулығы сыр беріп, рульді игере алмай, жылдамдықты тежей алмаған да болуы мүмкін. Қаза тапқан Қырғызстан азаматы Ресейден жеңіл көлік тасумен айналысқан.
Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Қырғыз азаматы автокөлік тасуды басқарған, Ресей Федерациясынан Ақтөбе қаласына қарай келе жатқан. Автовоздың үстінде сегіз жеңіл көлік болған. Оның жартысы қазір іске жарамай қалғаны анықталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!