{metadescription}
Ақтөбені бір күнде бір айдың қары басып қалды
Ақтөбені бір күнде бір айдың қары басып қалды

Ақтөбені бір күнде бір айдың қары басып қалды

Ақтөбеде коммуналдық қызмет көшені қардан тазартып үлгермей жатыр. Аймақта ақтүтек боран соғып, үш күннен бері толассыз қар жауып тұр. Осыған байланысты өңірде бірқатар жол жабылған. 

Облыс орталығынан өзге ауданға жолға шығу да қиын. Трасса бойында бораннан ештеңе көрінбейді. Ал Ақтөбенің өзіндегі жағдай да оңып тұрған жоқ. Синоптиктер бір айда түсуі тиіс ақ ұлпа бір күнде басып қалды дейді. Коммуналшылар күні-түні жұмыс істегенімен, қаланың орталық көшелерін қардан тазартып үлгермей жатыр. Соның кесірінен қатынас қиындап, жолдарда ұзын-сонар кептеліс пайда болды. Қаланы қардан тазартуға жауапты жеті мердігер компания қосымша жекеменшік көліктерді жалға алуға мәжбүр. Сондай-ақ қардың көптігінен әрі қатынасты жеңілдету мақсатында қала сыртынан қар шығаратын уақытша тағы бір палиогон ашуды жоспарлап отыр.

Ернат Қалауов, Ақтөбе ТКШ, жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімінің бас маманы:

- Қазір мердігер мекеме тарапынан өз аумақтарына үлгермеген жағдайда арнайы жалдамалы техника жалдап, бірінші кезекте, бізде 54 тұрғын алабы бар, оған қоғамдық көлік қатынайды. Соларға үздіксіз жол беру үшін қосымша техника жалдап, мердігер мекеме тарапынан бірінші кезекте асфальт жабындысы бар көшелерді тазартып жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде