Ақпанның аяғына дейін аяз болады
Ақпан аяқталғанша аяздың беті қайтпайды. Синоптиктердің мәліметінше, атлантикалық циклон мен атмосфералық ағым әсерінен еліміздің басым бөлігінде күн райы бұзылады.
Автор: Салтанат Шырынхан
21.02.2023
Республиканың біраз аймағында нөсер мен қар аралас жауын күтілуде. Сондай-ақ көйтайғақ пен тұман түсіп, әсіресе солтүстікте боранмен бірге жел күшейеді.
Астанада да көшпелі бұлт шығып, күндіз қар аралас жаңбыр жауады. Соның салдарынан жолдар көктайғақ болып, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел тұрады. Ауа температурасы түнде -2 градус аязды көрсетсе, күндіз + 3 грудусқа дейін 0-ден жоғары.
Алматының ертеңі жауын-шашынсыз өтеді. Сынап бағаны түнде -1 градусты, күндіз + 9 және 11 градусқа дейін ауа температурасы көтеріледі.
Шымкентте таңертең және күндіз жауын-шашын болуы ықтимал. Бірақ күн райы түнде +6 градус, ал күндіз + 15 пен 17 градусқа дейін жылынып, көктемнің лебі сезіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!