Ақтөбеде қоқысты әр жерге тастайтындар жазаланып жатыр
Ақтөбеде қоқысты көрінген жерге тастай салатын азаматтар жазаланып жатыр. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған кез келген ақтөбеліктің тазалыққа қарсы ерсі қылығы ескерусіз қалмайтын болады.
Автор: Жаңалық Ахаш
21.02.2023
Ақтөбеде қол созым жердегі қоқыс жәшігіне баруға ерінетіндер көбейген. Екінші қабаттағы балконынан сыртқа қоқыс лақтырып, үй алдына қалдық үйіп қойған тұрғындар да бар. Ал жөндеу жұмысынан кейін құрылыс материалдарын жәшік жанына қоя салатындарға тыйым болмай отыр. Сондықтан бейнебақылау камерасына түскен тұрғындардың заңсыз әрекетін тәртіп сақшылары сүзіп отыратын болған. Дегенмен қаланың бар аумағын шолуға камера жетіспейді. Ақтөбеде қазір екі жүздей ғана бейнекамера болса, соның көбісі істен шыққан.
Серік Елеуов, Ақтөбе облысы ЖПҚБ табиғатты қорғау тобының аға инспекторы:
- Қазір полиция абаттандыру ережесін бұзған адамды анықтау бойынша ісшара жүргізілуде. Бейнебақылау камерасының көмегімен 300-ден астам бұзушылық анықталды. Кінәлілер әкімшілік жауапқа тартылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!