Amanat:Тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ
Тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ! Көпбалалы және ерекше қамқорлықтағы бала тәрбиелеп отырған аналарға қолдауды күшейту керек. Нәзік жандыларға қатысты осы және өзге де мәселелер Amanat партиясының әйелдер форумында көтерілді.
Автор: Елдос Есенбол
21.02.2023
Партия төрағасы, республикалық штаб басшысы Ерлан Қошанов саяси ұйым жанынан әйелдер қанатының құрылатынын мәлімдеді. Жалпы жиынға елдің түкпір-түкпірінен 800-ге жуық азамат қатысты. Өңірлік әйелдер форумдарының қорытындысы бойынша біраз ұсыныс-тілектер түскен. Олардың бәрі «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасына енді дейді партия басшылығы.
Ерлан Қошанов, Amanat партиясының төрағасы:
- Мемлекет ана мен балаға, қамқорлық пен қолдауға, гендерлік саясат мәселесіне ерекше көңіл бөліп отыр. Соңғы жылдары елдің саяси қоғамдық өміріндегі әйелдердің рөлі ерекше артып келе жатыр. Президенттің тапсырмасымен сайлаудың партиялық тізіміне әйелдерге арналған міндетті квота енгізілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!