«Ауыл» партиясы: Қарапайым шаруалардың еңбегі еленуге тиіс
Қарапайым шаруалардың еңбегі еленуге тиіс. Бүгін «Ауыл» партиясының өкілдері Алматы метросында фотокөрме өткізді. Осылайша саяси ұйым мүшелері елге сөрелерде тұрған дайын өнімдердің қандай маңдай термен келетінін жеткізуді көздеген.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
21.02.2023
Айбын Төреханов, «Ауыл» партиясы Алматы филиалының төрағасы:
- Бүгінде қаладағы жастар өнімнің қайда өсетінін, осы өнім бағасының тұрақталмай тұрғанына көп мән бермейді, түсіністікпен қарамайды. Сондықтан біз жәй ғана қарапайым жерден басталатын еңбек өніммен ұласатынын, ол өнімнің қаланың сөресіне келетінін, кейін делдалдардың арқасында бағаның ырық бермей өсіп жатқанын түсіндіру мақсатында фотокөрме ұйымдастырып, халыққа осыны жеткізіп жатырмыз.
Партия мүшелері фотокөрмені Сайран және Мәскеу метро бекеттерінде өткізді. Ауыл шаруашылығы тақырыбындағы 50-ден астам туынды халық назарына ұсынылды. Шара аясында шағын концерт қойылып, айтыскер ақындар өнер көрсетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!