Respublica: Жігерлі жастарды демеу саясатқа серпіліс береді
«Республика» партиясының өкілдері Алматыдағы 100-ден астам азаматты жұмыспен қамтып отырған құрылыс компаниясының жұмысшыларымен кездесті.
Автор: Елдос Есенбол
21.02.2023
Мәжіліс депутаттығына кандидаттар Қырмызы Жандосова, Динара Наумова, Махамбет Хасенов сөз алып, ашық диалог алаңы болды. Спикерлер кәсіпкерлерге мүмкіндік беріп, жан-жақты қолдаудың мән-маңызына тоқталды. Жұмысқа ынталы, жігерлі жастарды демеу саясатқа айрықша серпіліс береді деп санайды республикалықтар. Сондай-ақ саяси ұйым Кез келген мәселені ашық айтатын алаң құруды жоспарлап отырмыз дейді. Платформада сізді толғандырған кез келген сауалыңызды қойып жауап ала аласыз. Мысалы, тұрғын-үй немесе жұмыс орнына қатысты болуы мүмкін.
Сұңғат Райымбек, Respublica партиясы ҚБ Алматы филиалының штаб басшысы:
- Бүгінде, ХХІ ғасыр болғандықтан көптеген реформа болып жатыр. Президентіміз көптеген реформа жасады. Жеті партия додағы түсті. Былайша айтқанда, бәйгеге түсті. Менің ойымшағ дуэль әділ өтеді деп сенемін. Өйткені өзгерістерге жол берілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!