{metadescription}
ҚХП мүшелері Үлбі металлургия зауытының қызметкерлерімен кездесті
ҚХП мүшелері Үлбі металлургия зауытының қызметкерлерімен кездесті

ҚХП мүшелері Үлбі металлургия зауытының қызметкерлерімен кездесті

Қазақстан халық партиясының мүшелері үгіт-насихат жұмысын  Өскеменде жалғастырды. Мәжіліс депутаттығына кандидат, партия төрағасының орынбасары Александр Милютин Үлбі металлургия зауытының қызметкерлерімен кездесті.

"Ел үшін! Жер үшін! Билік халыққа!" атты партияның сайлауалды бағдарламасында тау-кен металлургиялық кешеніне қатысты бірқатар өзекті мәселе қамтылған. Қарапайым жұмысшылардың құқын қорғау мақсатында кәсіподақтар туралы жаңа заң әзірлеу, технологияның дамуына байланысты жұмыстан қысқартылған адамдарды қолдау, зиянды өндіріс орындарында еңбек ететін жандардың зейнет жасын төмендету проблемалары енгізілген.

Шыңғыс Ерсоветов, Қазақстан халық партиясының мүшесі:

- Үлб" металлургия зауыты біздің қала үшін, облыс үшін орны бөлек. Себебі бұл ұжымда мыңдаған адам жұмыс істейді. Біздің ойымызша, өнеркәсіпті дамыту, еңбек қауіпсіздігін жетілдіру, ол ел үшін, Қазақстан Республикасы үшін маңызды бір мақсат болуы керек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде