{metadescription}
Түркиядан оралған құтқарушылар:Қара жамылғандарды көріп, ет жүрегіміз елжіреді
Түркиядан оралған құтқарушылар:Қара жамылғандарды көріп, ет жүрегіміз елжіреді

Түркиядан оралған құтқарушылар:Қара жамылғандарды көріп, ет жүрегіміз елжіреді

Түркиядағы зілзаладан қираған үйінділерді аршумен айналысқан құтқарушылар өз тәжірибелеріндегі ең ауыр іссапар туралы айтып берді. Оларға үйінді астынан өлі табылғандардың туыстарының көзіне тіке қарау тым қиын болыпты.

Қазір Түркия мен Сириядағы жерсілкінісінен қаза тапқандар саны 47 мыңға таяп қалды.

Қарағандылық құтқарушылар Түркияның Нұрдағы қаласында 12 күн болды. Осы аралықта атқарылған жұмысты әр күнге бөлу қиын дейді. Өйткені арасында ғана қалғып кетіп, көз шырымын алғандарға осы 12 тәулік бір күндей өткен. Тек алты қабатты үйдің үйіндісі астынан анасы мен қызын құтқару сәті есте қалыпты. Үйдің жертөлесінде 93 сағат бойы тапжылмай отырған оларға арнайы ұңғыма жасап жеткенде, олар ең алдымен су сұрапты. Іздестіру жұмысы күні-түні тоқтаусыз жүрген. Ал құтқарушылармен бірге жұмыс істеген екі иісшіл ит көбіне өлі дене табуға көмектескен. Ауыр жағдайға психологиялық тұрғыдан қанша даяр болсақ та, қара жамылғандарды көріп, ет жүрегіміз елжіреді дейді құтқарушылар. 

Алмагүл Ардабекова Қарағанды облысы апат медицинасы орталығының дәрігері:

- Робот емеспіз, әрине, қиын болды. Осы кісілердің осындай қиын жағдайын көруге. Олар бізге қарап үміттенеді, мыналар біздің туысты тірі табады дегендей. Мысалы, біз ағасын тапқан кезде, енді өлген кісіні тапқанда, өте маған қиын болды, кішкентай балалардың жылағаны. Енді ол әкесі емес, былай қарағанда, ағасы. Сонда да көп балалар жылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде