Отандастарымыз Түркияға электрогенераторлар жіберіп жатыр
Зілзаладан зардап шеккен Түркияға отандастырымыз енді электрогенератор жіберіп жатыр. Халықаралық полиция қауымдастығының мүшелері жылу мен жарық беретін құрылғының 10 данасын бүгін Алматыдағы көмек жинау орталығына жеткізді.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
21.02.2023
Қазір үйсіз-күйсіз қалған түркиялықтар шатыр мен киіз үйлерде түнеп жүргенін ескерсек, мұндай электрогенератор оларға таптырмас дүние. Біреуінің өзінде 10 шатырды жарық пен жылумен қамтамасыз ететін күші бар. Қауымдастықтағылар еліміздің түкпір-түкпірінен іздеп жүріп 10 данасын сатып алыпты. Қазір құрылғылар көмек жинау орталығына жеткізілді. Бауырлас елге, бұйырса, ертең жөнелтіледі.
Ғалым Берістемов, «Халықаралық полиция қауымдастығы» Қазақстан секциясының президенті:
- Түркияда болған оқиға жалғыз біздің емес, бүкіл Қазақстанның жүрегіне қадалған оқиға. Соған орай біздің үлкен Қазақстан қауымдастығымыздың мүшелері гуманитарлық көмек беруге ұсыныс білдірді. Тоқ беретін, жылу беретін, жарық беретін электрогенератор алуға шешім қабылдадық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!