Үкімет СҚО мен ШҚО-ға газды қалай жеткізерін әлі білмей отыр
Үкімет елдің солтүстігі мен шығысына газды қалай жеткізерін әлі білмей отыр. Нақты жоспар да ұсынбаған энергетика министрі мен QazaqGaz басшылығы бүгін премьер-министрден тағы сөз естіді.
Автор: Әзиза Төленби
22.02.2023
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
- Бұл өңірлердің тұрғындары газды көптен күтіп жүр. Ал біз қай нұсқаны басшылыққа алуымыз керек. Бұл туралы энергетика министрлігі мен "Қазақгазда" әлі күнге дейін толық, нақты жауап жоқ. Бұл мәселенің нүктесін қоятын уақыт жетті. Сондықтан энергетика министрлігі «СамұрықҚазына» әлауқат қорымен қарастылып отырған нұсқалар бойынша бірлесіп 1 мамырға дейін түпкілікті шешім қабылдау керек.
Президент елдің 60 пайызын газдандыру туралы тапсырма берген. 11 миллионнан астам отандасымыздың үйі көгілдір отынмен жылытылуы тиіс. Бірақ әлі күнге дейін газ келсе де, оны орнату, қою, толық тартылмау сияқты проблема әр өңірде кездеседі. Министр Болат Ақшолақов солтүстік пен шығысты газдандырға екі нұсқа қарастырылып жатқанын айтты. Оның бірі – Ресейден тарту. Қазақстанға ең арзан нұсқа осы дейді энергетика министрі. Бірақ импортталатын көгілдір отынның бағасы қандай болатыны әлі келісілмеген.
Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі:
- Бірінші себебі, техникалық жағдайды анықтау керек. Екіншіден, бағаны келісу қажет. Біз шығыс пен солтүстікті газдандыру үшін бірнеше жолды қарастырып жатырмыз. Ең жылдам жолы, әрине, көршілес Ресейден алып келу. Ол көп қаражат қажет етпейді. Бірақ оның мәселесі – бағасы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!