{metadescription}
Түркиядан оралған дәрігерлер: Тән жарасынан гөрі, жан жарасын емдеу қиын
Түркиядан оралған дәрігерлер: Тән жарасынан гөрі, жан жарасын емдеу қиын

Түркиядан оралған дәрігерлер: Тән жарасынан гөрі, жан жарасын емдеу қиын

Тән жарасынан гөрі, жан жарасын емдеу қиын. Құтқарушылар тобымен бірге Түркияға аттанған дәрігерлер де өз миссиясын аяқтап елге оралды. Олар 12 күн бойы демалыссыз, зілзала ошағында зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Бір ғана Астананың өзінен бауырлас елге барып жәрдемдесуге 30-ға тарта ақ халатты өтініш білдірген. Алайда оның 8-і іріктеліп алынған. Түркиядағы зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсетуге барған отандастарымыз осыған дейін де өз тәжірибесінде небір апатты оқиғаны көзімен көрген. Бірақ барлығының да дәл осындай ғасыр трагедиясының ортасына тап болуы алғаш рет. Газиантеп қаласына кірген бетте көргеніміз ешқашан көкейден өшпейді дейді. Есепсіз қирған үйлер, қайғыдан қан жұтқан қараша, үйсіз-күйсіз жұрт... Құдды бір кинодан ғана көріп жүрген қорқынышты көрініс секілді...

Нұрлан Иманбаев, Астана қаласы, апаттар медицина орталығының дәрігері:

Ол жерде ештеңе сезінбеу мүмкін емес. Сөзбен айтып жеткізу қиын.  15 минут сайын тыныштық сақтайтын сәт болды. Ол кезде айналадағы барлық адам, техниканың да дыбысы шықпауы керек. Тек қирандының астынанан тірі қалғандардың дауысына құлақ түреді. Бес минуттан кейін ғана қозғалыс қайта қалпына келіп, құтқару жалғасты.

Бізден барған медицина мамандары өзіміздің құтқарушылармен бірге зілзала кезінде қираған үш тұрғын үйге жауапты болыпты. Аман қалғанын үйіндінің астынан шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Осылайша күніне 30-40 адамның жарасын таңып, қол жәрдемімен қатар, сөз жәрдемін көрсеттік дейді. Себебі науқастардың көбісі тән жарақатын алғанымен, жан жарасын жазу ауырға соққан. Бірі баласы, енді бірі анасы, жан жарының не өлі, не тірі екенін білмегеннен асқан қасірет жоқ, сірә.

Қуат Ыбраев, Астана қаласы, апаттар медицина орталығының дәрігері:

- Бір есте қалғаны, ұмытылмайтын нәрсе – адамның денесін алып шығу. Әкесі құшақтап, екі баласымен үйіндінің астында қалып қойған. Әуелі екі баласын қолына алып алған,  сөйтіп сол бетімен жатқан. Құтқарушылар алып шыққанда жаман әсер қалдырды.  

Опырылған үйдің астынан мәйіт шығару құтқарушылар мен көзі тірі қалған тұрғындар үшін де психологиялық тұрғыда өте ауыр. Ет жақынының амандығын тілеп телміргендердің бірі сол мезетте үмітін үзуіне тура келсе, өзгесінде, кересінше, сенім оты тұтанады. Мұндайда барынша салқынқанды болуға тырыстым дейді Серікбай Ахметжанов.

Серікбай Ахметжанов, Астана қаласы, апаттар медицина орталығының фельдшері:

Зілзала болған жерде бұрын болмаппын. Бірақ енді алты жыл жедел жәрдемде, он жыл апаттар медицинасында жұмыс істеп келе жатырмын. Ондай қиын жағдайларды кездестірдік, көрдік. Жол апатында да, басқаша жағдайда да. Кішкене суыққанды болу керек. Уақытында көмегін көрсетіп, дұрыс қарау керек.

Құтқарушылардың тобымен медициналық көмек көрсетуге Астанадан 30 шақты маман ниет білдірген. Алайда олардың арасынан тек сегізін таңдап алған екен. Жалпы Түркиядағы жер сілкінісінен кейін біздің құтқарушылар барлығы 7 адамды үйінді астынан аман алып шыққан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.