{metadescription}
Ақтөбеде мектеп өртенді
Ақтөбеде мектеп өртенді

Ақтөбеде мектеп өртенді

Ақтөбеде мектеп өртенді. От тұтанғанда №23 мектеп-лицейдің 800-ден аса оқушысы мен 60 мұғалімін сыртқа шұғыл шығаруға тура келген.

От таң атпай бірінші қабаттағы шаруашалыққа жауапты меңгерушінің бөлмесінде тұтаныпты. Электр сымынан ақау шығып, сондағы жинаулы тұрған заттар бықси бастаған. Соның салдарынан мектептің ішін көк түтін басқан. Осы сәтте оқушыларға сабақ басталып жатқан. Барлығы дереу үйіне қайтарылып, екінші аусымдағы сабақ та болмады. Бірінші қабаттағы бірнеше бөлмені өрттен ыс басқан. Бірақ оқуға еш кедергі келтірмейді дейді мектеп басшылары. Дәріс оқуға ол бөлмелер қолданылмайды екен. Өрттен дәрігер көмегіне жүгінген ешкім жоқ.

Меткүл Қосымбаева, Ақтөбе білім бөлімінің басшысы:

- Мектепте болған оқиғаға қатысты бірінші аусымның балалары үйфіне қайтарылды. Қазір мектептің ішінде иіс бар. Тазартып жатырмыз. Екінші аусымның не болатынын қазір шешеміз. Болмай жатса, ертеңнен бастап шақырамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде