Екі күнде заң бұзған 400-ден аса мигрант ұсталды
Елімізде заң бұзған шетел азаматтарына қарсы ауқымды шара жүргізіліп жатыр. Небәрі екі күннің өзінде дәл осындай құжаты, не азаматтығы жоқ 400-ден аса адам қолға түскен. Оның 35-і бүгін өз еліне кері қайтарылды. Көбі Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғызстан азаматтары.
Автор: Салтанат Шырынхан
22.02.2023
Бұл үй салынып жатқан аймақта оннан аса құжаты жоқ мигрант ұсталды. Полицейлердің айтуынша, әсіресе заң бұзатын шетелдіктердің көбі құрылыста, тамақтану орындары мен көлік жөндеу орталықтарында жүреді. Бұған қоса қайыр сұрап көше кезген балалы әйелдер мен жасөспірімдер де жауапқа тартылып жатыр. Көбінде не құжаты, не елімізде уақытша тіркелгені туралы куәлігі жоқ. Енді бірінде елден шығу мерзімі өтіп кеткен. Барлығын Алматыдағы қабылдау-тарату орталығына жеткізуде. Осында заңға бағынбағандардың кім екенін және қашан келгенін анықтайды. Сөйтіп ісі сотқа жіберіледі. Бұған қоса 100 мыңнан аса айыппұл арқалауы мүмкін.
Диас Дуанбеков, Алматы ПД жергілікті полиция қызмет басқармасы бастығының орынбасары:
- Құжаты болса, оның Қазақстанда көші-қон заңнамаларын сақтады ма, бұзды ма, соны анықтаймыз. Көші-қон заңнамасын сақтамаған жағдайда сотқа жолдаймыз. Ары қарай сот Қазақстаннан шығару туралы шешім шығарады. Сот үкімімен бес жылға шейін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!